Бүгіннен бастап Еуроодақтың АҚШ-тың санкцияларына шектеу қоятын заңдары іске қосылады
Еуроодақ осы одақтың АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларымен күресуге бағытталған шектеу қоятын заңдарының сейсенбі күні күшіне енетінін хабарлады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини Германия, Франция мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлерімен жасаған ортақ мәлімдемесінде АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларының қайта салынуына өкініш білдіріп, Еуроодақтың АҚШ-тың санкцияларына шектеу қою туралы заңдарының санкциялармен күресу мақсатында бүгін іске қосылатынын хабарлап: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалған тараптар Иранмен тиімді қаржы желілерін сақтауға, Иран мұнайы мен газы экспортының жалғаса түсуіне жағдай жасауға талпыныс жасауға міндеттеме алды",-деп қуатталды.
Осы мәлімдеме бойынша, ядролық жұмыстарға қатысты санкцияларды жою Иранмен ядролық келісімнің маңызды бөлігі болып табылады.
Иран, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия мен Ресей арасында екі жылға созылған келіссөздерден кейін 2015 жылы Иран мен "алтылық" тобының ядролық келісіміне қол қойылды.
Трамп 8 мамырда АҚШ-тың осы келісімнен шыққанын жариялады. Бұл шара әлем бойынша, соның ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған елдер тарапынан ауқымды сынға ұшырап, олар өздерінің аталмыш келісімге табандылық танытып, оны қолдайтындықтарын жариялады.