Ауғанстанда америкалық әскери өлді
https://itolqyn.com/news/world-i38902
НАТО-ның баспасөз орталығы Ауғанстанның шығысындағы әскери емес оқиғада бір америкалық әскеридің өлгенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 05, 2018 14:59 Asia/Almaty
  • Ауғанстанда америкалық әскери өлді

НАТО-ның баспасөз орталығы Ауғанстанның шығысындағы әскери емес оқиғада бір америкалық әскеридің өлгенін хабарлады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, НАТО-ның орталығы бұл әскеридің өлімінің егжей-тегжейіне тоқталмаған.

Дүйсенбі күні де Ауғанстанның шығысында ауғандық қауіпсіздік күштерінің оғынан бір америкалық әскери өліп, тағы біреуі жарақат алған болатын. 2018-ші жылдың басынан бері Ауғанстанда жеті америкалық әскери өлімге ұшырады. 2001-ші жылдан бері Ауғанстанда өлген АҚШ әскерилерінің саны 2400 адамнан асты.