Ресей: Лаңкестер Сирияда тағы бір химиялық шабуыл жасауды көздеп отыр
(last modified Sun, 09 Sep 2018 09:07:51 GMT )
Қыр 09, 2018 15:07 Asia/Almaty
  • Ресей: Лаңкестер Сирияда тағы бір химиялық шабуыл жасауды көздеп отыр

Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат өкілі Игорь Конашенков: "Лаңкестер жуырда Сирияның солтүстік-батысындағы Идлибте бас қосып, улы химиялық заттарды пайдалану арқылы химиялық шабуылды сахналау сценарийін бекітті",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей мен Түркия да жұма күнгі отырыста лаңкестердің химиялық шабуылды сахналауы және осы қастандықтың салдарлары жайлы ескерту жасады.

Ресей екі аптадан бері өзінің СІМ арқылы мәлімдемелер жариялап, лаңкестердің Идлибте химиялық шабуылды сахналауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Мұнымен бір мезгілде АҚШ та лаңкестердің жоспарын қолдап, қоғамдық пікірді алдарқату үшін Сирия үкіметін Идлибке химиялық шабуыл жасауды жоспарлап отыр деп айыптады.