Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастық құжаттарына қол қоюы – екі ел әрекеттестіктерінің нышаны
Қазақстан Республикасының президенті Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасында құны 1 миллиард 7 миллион долларды құрайтын сауда саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 24 құжатқа қол қоюды екі ел арасындағы өзара әрекеттестік пен сенімнің белгісі деп атады.
Fars ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Анкарада Түркияның ірі компаниялары басшыларымен кездесуінде: "Бейсенбі күні екі ел арасында ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, геология мен тау-кен өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, инжиниринг, тоқыма өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіп, мемлекеттік және жеке сектор арасында серіктестік, денсаулық сақтау мен дәрі-дәрмек салалары бойынша 24 ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойылды.
Қазақстан пен Түркия арасындағы сауда айналымының көлемі 2017 жылы 27 пайызға артып, 2 миллиард долларға жетті. 2018 жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш 820 миллон доллар деңгейінде бағаланып отыр",-деді.