Рухани: АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуы – заңсыздық
ИИР президенті сейсенбі күні кешке Франция президенті Эммануэль Макронмен Нью-Йоркте кездесуінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" халықаралық келісімінен шығуын заңсыз әрекет деп атап, халықаралық қауымдастықтың біржақты әрекетпен күресу және "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтап қалу үшін талпыныс жасауы керектігін баса айтты.
Хасан Рухани сондай-ақ, лаңкестікті халықаралық қауымдастық үшін төнген үлкен қатер деп атап, екі елдің қатынастары мен ынтымақтастықтарын дамытуды аймақ пен әлемдегі лаңкестікпен жан-жақты күрес үшін өте маңызды деп атады.
Эммануэль Макрон да бұл кездесуде Ахвазда орын алған лаңкестік шабуыл кезінде көптеген ирандықтың шәһид болуына байланысты көңіл айтып, Францияның "Ортақ қадамды" сақтап қалу үшін күш салатынын баса айтты.
Франция президенті сондай-ақ, халықаралық лаңкестікпен күресу жолында аймақтағы ықпалды ел Иранмен өзара әрекеттестік жасап, диалог өткізуді маңызды деп атады.