Рухани: Иранның қатынасы аймақ пен әлемдегі текетіресті азайтуға бағытталған
https://itolqyn.com/news/world-i39158
ИИР президенті Иранның қатынасын аймақ пен әлемдегі текетіресті азайтуға бағытталған деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 26, 2018 18:27 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның қатынасы аймақ пен әлемдегі текетіресті азайтуға бағытталған

ИИР президенті Иранның қатынасын аймақ пен әлемдегі текетіресті азайтуға бағытталған деп атады.

ИИР прзеиденті Хасан Рухани сейсенбі күні кешке Нью-Йоркте Ұлыбьритания премьер-министрі Тереза Мэймен кездесуінде кейбір батыстың ақпарат құралдарының, соның ішінде Ұлыбритания ақпарат құралдарының отызға жуық ирандық азаматтың шәһид болуына соқтырған  Ахваздағы лаңкестік шабуылға насихаттық тұрғыдан қолдау көрсетуін сынап: "Барлық мемлекеттер лаңкестікке қарсы қатаң әрі бірдей позиция ұстанып, лаңкестікпен шынайы күресу мақсатындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуі тиіс",-деді.

Рухани сондай-ақ, ИИР-ның АҚХА-нің барлық есептеріне сәйкес "Ортақ қадамға" қатысты өзінің міндеттемелеріне берік болып, оларды жүзеге асырғанын баяндап: "Көпжақты келісімдерде тараптар өз міндеттемелерін жүзеге асыру ісінде тепе-теңдікке ие болуы тиіс",- деп баса айтты.

Тереза Мэй Ахваздағы орын алған оқиғаға байланысты көңіл айтып: "Ұлыбритания барлық формалардағы лаңкестікті айыптап, онымен күресуді маңызды іс деп есептейді",- деп мәлімдеді.

Ұлыбритания премьер-министрі барлық аспект бойынша "Ортақ қадамды" сақтап қалу қажеттігіне тоқталып, Теһран- Лондонның осы саладағы талпыныстары мен әріптестіктерін жалғастыру қажеттігін қуаттап: "Ұлыбритания Иранмен түрлі салаларда, соның ішінде экономикалық және энергетика салалары бойынша қатынастары мен ынтымақтастықтарын кеңейтуді қолдайды",- деді.