Рухани: Ешбір алпауыт ел Иран халқына қарсы тұра алмайды
https://itolqyn.com/news/world-i39161
ИИР президенті: "Иранда демократиялық үкімет билік етеді. Ешбір алпауыт ел біздің халыққа қарсы тұра алмайды",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 26, 2018 18:59 Asia/Almaty
  • Рухани: Ешбір алпауыт ел Иран халқына қарсы тұра алмайды

ИИР президенті: "Иранда демократиялық үкімет билік етеді. Ешбір алпауыт ел біздің халыққа қарсы тұра алмайды",- деп мәлімдеді.

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Нью-Йоркте жерлігікті уақыт бойынша таңертең АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында АҚШ үкіметінің Ирандағы режимді өзгертуге бағытталған арманына тоқталып: "Америкалықтар Иранда ислам революциясының жеңісіне дейінгі кезеңдегідей толығымен олардың бақылауындағы режиммен бетпе-бет келуді ойлады. Алайда, олар ешқашан бұл мақсаттарына жете алмады. Иран халқы әрдайым берік болып қалады",- деп баса айтты.

Рухани АҚШ-тың қазіргі үкіметіндегі жауапты тұлғалардың сөздері мен әрекеттерінің  бір-біріне сәйкес келмейтіндігіне тоқталып: "Олар бір жағынан Иран халқын қыспаққа аламыз дегенімен, басқа жағынан Иран халқына мүдделік танытқан уәж айтады",- деді.

Рухани АҚШ пен аймақ үшін пайдасыз саналатын Иранға қарсы санкциялардың артқанына тоқталып: "АҚШ-тың бұл кезеңде үлкен қателік жасағанын уақыт көрсететін болады",- деді.