Рухани БҰҰ-да Иранның бейбітшілік пен өзара әрекеттестіктерге қатысты ұстанымдарын баяндады
(last modified Wed, 26 Sep 2018 13:44:30 GMT )
Қыр 26, 2018 19:44 Asia/Almaty
  • Рухани БҰҰ-да Иранның бейбітшілік пен өзара әрекеттестіктерге қатысты ұстанымдарын баяндады

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясында АҚШ үкіметінің халықаралық қатынастар саласындағы әрекетін сынап: "АҚШ үкіметінің Иранға қарсы қате саясаты сәтсіздікке ұшырайды",- деді.

 
ИИР президенті сондай-ақ, америкалық басшылардың Иранмен диалог орнату туралы жарнамалық әрекетіне тоқталып: "Иран АҚШ-тың уәдесінде тұрмайтын үкіметімен қандай негізде жаңа келісім жасай алады?",- деді.

Рухани БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде барлық елдердің тағдырымен байланысты болғандықтан халықаралық тұрғыдан талқылануы тиіс тақырыптарға сілтеме жасады.

"Ортақ қадам" келісімі мен АҚШ-тың өз міндеттемелеріне берік болуы – анық мәселе.

Шешілмей қалған жалғыз жайт – "Ортақ қадамның" қалған тараптарының жағдайы. Алайда, Руханидың сөзінде тағы бір өзекті мәселе көтерілді: ол – АҚШ-пен келіссөз өткізу. АҚШ өз саясатын өтірік пен айыптау және күш көрсетуге негіздеген. АҚШ-тың дұшпандық әрекеті мен міндеттемелерді бұзуына қатысты жарты ғасырдан астам тәжірибеге ие Иран халқы АҚШ-қа мүлдем сенбейді. Ядролық мәселенің де әуел бастан жай сылтау болғаны анық.

Америкалық сарапшы Джим Уолш: "Бұл – қарапайым мәселе. Иранның ядролық бағдарламасы жайлы АҚШ-тың ақпараттық қоғамы көп жыл бойы түрлі уәж айтып келді. Бірақ, Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын жасырын түрде жүзеге асырып жатқанын дәлелдейтін нақты құжат пен дәлелді ешқашан ұсынған жоқ. Бірақ, келісімге қол жеткізгенде ақпарат құралдары уәждердің осы аспектісін мүлдем көтермей, уәждердің жалған екені туралы жақ ашпады",- деді.

Халықаралық қауымдастықтың ісі тек зорлық-зомбылық көрсетіп, баж талап етіп, өзінің біржақты мақсаттарына жетуді ғана көздеген АҚШ-тың үкіметімен болып отыр. Трамп шешімдерін "керек" деген сөзбен тіркеп, осындай әрекетімен келіссөз жайлы сөз қозғауда.

Трамп осы әдісі арқылы БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде қулыққа басып, АҚШ-ты бейбітшілік, қауіпсіздік пен адам құқықтарының қорғаушысы ретінде көрсетіп, Иранды аймақта тынышсыздық тудырушы ретінде айыптады. Алайда ИИР негізінде сөз немесе уәж арқылы емес, іс жүзінде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуды қалайтынын дәлелдеген.

Рухани БҰҰ Бас ассамблеясында осы шындықтарды еске салып, бір жағынан АҚШ-тың дұшпандық саясаттары мен Трамптың осы аралықтағы шешімдеріне қарсылық білдіріп, басқа жағынан АҚШ-тың дұшпандық әрекетінің болмысын әлемге көрсетіп, АҚШ-тың мұндай істерімен келіссөз өткізілмейтінін баса айтты.

Революция жетекшісі хазірет аятолола Хаменеи бір жыл бұрын жүйенің жауапты тұлғаларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде сол шындықты баяндап: "Біздің АҚШ-пен арадағы мәселелеріміздің басым бөлігі шешілмейді. Оның себебі, АҚШ-тың бізбен қиындығы тікелей бізбен, яғни ислам республикасымен байланысты. Мәселенің тамыры міне, осында. Ядролық энергетиканың да, адам құқықтарының да бұған еш қатысы жоқ. АҚШ-тың мәселесі ислам республикасының рухында жатыр".

Осы шындықтарға байланысты Рухани сөзінде АҚШ-тың халықаралық қатынастар жайлы түсінігін өткемшіл деп сараптап, "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтап қалу қажеттігін қуаттап: "БҰҰ өзі қабылдаған қарарлардың кейбір мүшелерінің сайлауалды және жарнамалық ойындарының кепіліне айналуына жол бермеу қажет",- деді.