АҚШ пен Сауд Арабиясы Иранға қарсы ортақ жоспар құруда
https://itolqyn.com/news/world-i39203
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті жаңа жоспарында бұл елдің Ирактың оңтүстігінде орналасқан Басра қаласындағы Бас консулдығын жабуға шешім қабылдағанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 30, 2018 18:04 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Сауд Арабиясы Иранға қарсы ортақ жоспар құруда

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті жаңа жоспарында бұл елдің Ирактың оңтүстігінде орналасқан Басра қаласындағы Бас консулдығын жабуға шешім қабылдағанын хабарлады.

АҚШ бұл шешімді түсіндіре келіп, Басрадағы АҚШ дипломатиялық корпусы мүшелеріне төніп тұрған қауіптерге тоқталып: "Басрадағы консулдық қызметкерлеріне қарсы қоқан-лоққы көбейді",-деп уәж айтты.

Осы уәжбен бір мезгілде Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр  де БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында Иранның Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа дем беріп отырғанын айтып: "Сауд Арабиясы  АҚШ-тын Иранмен күресу туралы жаңа стратегиясын қолдайды",-деді.

Иранның Ислам ынтымақтастық ұйымындағы бұрынғы өкілі Саббах Зангане Сауд Арабиясының Иран мен Иракта бүлік тудыруға бағытталған жаңа сценарийінің қырларын түсіндіре келіп: "Саудиялықтардың кейбір белгісіз топтарды ынталандыру және Вашингтонмен үйлестіру арқылы Иранға қарсы әрекеттерді күшейтуге талпынып жатқанын көрсететін куәлер мен құжаттар бар. Бұл тақырыптың оларға маңыздылығы соншалықты, олар Теһранға қарсы ұрандатумен тыйылып қалмайды",-деді.

АҚШ-тың Басрадағы Бас консулдығын жабу шешімінің бірнеше себебі болуы мүмкін.  Біріншіден, Трамп үкіметі соңғы апталарда жаңа компания бастап, Иранның әскери белсендігі деп аталатын нәрсені нысанаға алып отыр. Екіншіден, тамыз бен қыркүйек айларында Басрадағы жергілікті халықтың бірнеше наразылығы Иранның Бас косулдығының өртенуіне әкеліп соқтырды. Үшіншіден, бұл ең маңызды себебі болуы мүмкін: АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті шығындарды азайту үшін Басрадағы бас консулдықты жабатыны туралы мәселе көтергеніне бір жыл болды.  

АҚШ-тың шамамен 1000 қызметкері бар Бас консулдығы Басрада Ирактағы ең үлкен консулдық болып саналады. Ол 2011 жылы ашылған. Нью-Йорк газеті бір мақалада: "АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы үш қызметкерінің айтуынша, Басрадағы Бас консулдықты жабу бұйрығы шығындарды азайту үшін бұл консулдықты босату мәселесінің бір жылдан аса уақыт бойы талқыланып жатқан жағдайында шығарылды",-деп жазды. Бұл консулдыққа жылына 200 млн доллар шығын кетеді. Кейбіреулер шығынның көлемін 350 млн доллар деп есептеген.

Wall Street журналы АҚШ-тың Басрадағы Бас консулдығын жабуды саяси шара деп атап: "Иракта соғыс өзінің шарықтау шегіне жеткенде АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігі сан рет шабуылға ұшырады, бірақ ешқашан жабылмалы",-деп жазды.

Осы тұрғыдан Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Иранның Бас консулдығына жуырда жасалған шабуылын еске алып: "АҚШ басшыларының балалық түсіндірмелерінің Иракты тынышсыз деп көрсетіп, осы елдің үкіметіне қысым жасау үшін айтылғаны айқын көрініп тұр",-деді.

АҚШ аймақта өзінің мүдделерін көздейтіні және аймақ елдерінің істеріне араласу үшін кез келген істен тайынбайтыны анық. ИИР дипломаттар мен дипломатиялық орындарға қандай да бір басқыншылық жасауды айыптап,  АҚШ-тың Басрадағы Бас консулдығын жабуға күлкілі себеп айтуын және бірнеше апта барысында Иран мен Ирак күштеріне жалған айып тағуын жарнамалық жанжал тудырып, өз кінәсін өзгеге таңуға бағытталған күмәнді шара деп атады.