Еуропа Парламенті ҚХР-дағы мұсылмандардың құрықталуына реакция білдірді
(last modified Fri, 05 Oct 2018 14:36:08 GMT )
Қаз 05, 2018 20:36 Asia/Almaty
  • Еуропа Парламенті ҚХР-дағы мұсылмандардың құрықталуына реакция білдірді

Еуропа Парламенті бейсенбі күні өткен отырысында ҚХР үкіметінен ұйғыр және қазақ мұсылман азшылықтарын құрықтау әрекеттерін тез арада доғарып, барлық лагерьлер мен құрықтау орталықтарын жауып, ешбір шартсыз қамалғандарды босатуды сұрады.

France-Presse ақпарат агенттігінің Страсбургтен хабарлауы бойынша, Еуропа Парламентінің өкілі лагерьлердегі құрықталғандардың нашар өмір сүру жағдайы, азаптау және өліміне қатысты алаңдаушылық білдіріп, Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могериниден ҚХР үкіметіне ашық хат жолдауын сұрады.

БҰҰ-ның айтуынша, бір миллионға жуық түркі тілдес ұйғырлар мен басқа да мұсылман азшылықтарының мүшелері әсірешілдікпен күрес кампаниясының шеңберінде ресми түрде оңалту орталықтарында қамауға алынған.