Иранның Мәдени өкілдігі Бакуде жаңа оқу курстарын бастады
Қаз 06, 2018 21:51 Asia/Almaty
Иранның Мәдени өкілдігі Бакуде парсы тілі, компьютер, сурет салу және тігін тігу бойынша жаңа оқу курстарын бастады.
Әзірбайжан республикасындағы Иранның Мәдени өкілі Асқар Фарси оқу курстарының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Ортақ тарихи дәуірлерден қалған жазба еңбектерді зерттегенде көптеген ұлы тұлғалардың өз туындыларын парсы тілінде жазғанын көруге болады. Сондықтан осы еңбектерді түсініп, қолдану үшін парсы тілін білудің маңызы зор",-деді.
2018 жылдың 15 қыркүйегінде Бакуде парсы тілі, компьютер, сурет салу және тігін тігу бойынша курстарды бітірген түлектерге диплом тапсыру рәсімі өтті.
Тегтер