БҰҰ: Халықаралық қауымдастық Хашоғджидің өліміне көзжұмбайлық танытпайды
https://itolqyn.com/news/world-i39311
БҰҰ-ның сөз бостандығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Сауд Арабиясының сыншы журналисі Джамал Хашоғджидің Арабстанның Стамбұлдағы консулдығында өлтірілгеніне реакция ретінде халықаралық қауымдастықтың Хашоғджидің өліміне көзжұмбайлық танытпайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 08, 2018 16:49 Asia/Almaty
  • БҰҰ: Халықаралық қауымдастық Хашоғджидің өліміне көзжұмбайлық танытпайды

БҰҰ-ның сөз бостандығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Сауд Арабиясының сыншы журналисі Джамал Хашоғджидің Арабстанның Стамбұлдағы консулдығында өлтірілгеніне реакция ретінде халықаралық қауымдастықтың Хашоғджидің өліміне көзжұмбайлық танытпайтынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дэвид Кайе дүйсенбі күні таңертең: "Стамбұлдағы Сауд Арабиясының консулдығында Джамал Хашоғджидің өлітірлігені туралы ақпарат пен мәліметтермен қоса, бұл іске қатысты халықаралық әрі тәуелсіз тергеу жұмыстары басталуы тиіс",- деп мәлімдеді.

Халықаралық Кешірім ұйымы жексенбі күні кешке саудиялық жазушы әрі журналистің өліміне қатысты реакциясында: "Арабстанның Хашоқджидің өлімін растауы соттаусыз, өз бетімен өлім жазасына кесу саналады",- деп баса айтты.

Ray al Youm газетінің сайты да жексенбі күнгі мақаласында: "АҚШ президенті Дональд Трамптың Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты күдікті үнсіздігі Ақ үйдің саудиялық режиммен осы қылмысқа қатысты сыбайластығын көрсетіп отыр.

Трамптың тәуелсіз тілшінің оқиғасына қатысты күдікті үнсіздігі алдын-ала жоспарланған бірлескен қастандықты білдіреді",- деп жазды.