Помпеоның Иран туралы негізсіз уәждері мен Американың Таяу шығыстағы құзырын сараптау
(last modified Wed, 17 Oct 2018 13:14:08 GMT )
Қаз 17, 2018 19:14 Asia/Almaty
  • Помпеоның Иран туралы негізсіз уәждері мен Американың Таяу шығыстағы құзырын сараптау

Америка 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін лаңкестікпен күрес сылтауымен Ауғанстан мен Иракқа шабуыл жасады. Сол шабуылдар Вашингтонның аймақ елдеріндегі әскери құзырын нығайтуға негіз әзірледі.

Сирияда азамат соғысы мен Сирия мен Иракта ДАИШ лаңкестік тобының әрекеттері кең етек жайған соң Америка ДАИШ-пен күрес сылтауымен Ирактағы өзінің әскери құзырын күшейтіп, Сирияның солтүстігінде заңсыз әскери құзырға ие болды.  

Осындай шындықтарға қайшы Американың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бір мәлімдемесінде «Вашингтон Таяу Шығыста әскери қақтығысқа енуді мақсат етпейді» деген уәж айтып:  «Сарапшылар бәлкім, Трамп үкіметі Американы келесі бір соғысқа енгізеді деп қорқатын болар. Бірақ, анық мәселе, ол – америкалықтар әскери күш қолданудан қорықпайтын, алайда оны қолдануға құлшынысы жоқ президентке ие» деп жазды.  

Америка Мемлекеттік хатшысының сөзіне қайшы Трамп үкіметінің сыртқы саясатындағы қатынасы халықаралық салалардағы, соның ішінде Таяу Шығыстағы өз мақсаттарына жету үшін қатаң күш қолдануы саналады.  

Бұл мәселе Американың 2017 жылғы ұлттық қауіпсіздік стратегиялық құжатында көрсетілген.

Дональд Трамп 2017 жылы Американың ұлттық қауіпсіздік жаңа стратегиясын ұсынған кезде: «АҚШ бейбітшілікке күшпен жетеді» деген болатын.

Осы негізде Америка қазір әскери күшінің арқасында, шын мәнінде Сирияда күш қолдану арқылы өзінің заңсыз әскери құзырын жалғастыруда. Сонымен қатар Таяу Шығыс аймағында, әсіресе Парсы шығанағында белсенді әскери құзырға ие. Тек Катардағы ал-Адид әуе базасында шамамен 11 000 америкалық әскери орналасқан.

Аймақтағы Американың әскери құзырының жалғасуының негізгі сылтауларының біріне Иранның аймақтық ықпалы мен әрекеттерімен қарсыласу жатады.

Осы бағытта Помпео өзінің жуырдағы мәлімдемесінде, «заңнан жалтаратын үкіметтерді» Американың алдындағы жаңа түйткілдер деп сипаттап, Иран мен Солтүстік Кореяны әлемдегі осындай ең негізгі үкіметтер деп атап: "Теһран мен Пхеньян қаншама жылдан бері ядролық қару-жарақ бағдарламаларын дамытып келеді" деген уәж айтты.

Помпео Американың бұрынғы үкіметінің келісімі немесе «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мақсатын Иранның амбицияларын тоқтату деген уәж айтты.

Помпеоның Иран туралы сөздері мен уәждері толығымен ақиқаттан кенде. Иран әлемдік алпауыт елдермен өткізген қарқынды әрі шиеленісті келіссөздерден кейін 2015 жылдың шілде айында олармен «Ортақ қадам» ядролық келісіміне қол қойды.

Иран ядролық бағдарламасының мақсатының тек бейбіт қолданыс үшін екендігін қуаттап келеді. АҚХА де осы уақытқа дейін он екі есебінде Иранның ядролық жұмыстарының бейбіт сипатқа ие екендігін растады.

Бұған керісінше Америка «Ортақ қадамды» Иранның ядролық жұмыстарын бақылау үшін жарамсыз санап, Помпео мәлімдеген 12 баптық шартта Иранның ядролық бағдарламасының толығымен жабылуын, зымырандық бағдарламасын шектеп, тіпті тоқтатып, Иранның аймақтағы әрекеттерін доғаруды талап етті.

Дегенмен, әлем Американың күш көрсететін дөрекі саясатын, әсіресе «Ортақ қадам» саласындағы саясатын түсінді. Бүгінде Америка Трамптың біржақты саясаттары салдарынан күннен күнге оқшау қалып бара жатыр.