Венди Шерман: Трамп АҚШ-ты оқшаулады
АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары: «Дональд Трамптың Иранның ядролық келісіміне қатысты шаралары АҚШ-тың оқшаулануына соқтырды»,-деді.
Венди Шерман сәрсенбі күні «Стенфорд халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастық үшін» атты орталықта Иранның ядролық келісімі жайлы: «АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қатысты әрекеттері алаңдаушылық тудырады, өйткені бұдан былай әлем елдері АҚШ-қа серіктес ретінде қарамайды»,-деді.
Бұдан бұрын да АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары Трамп үкіметін Иранмен 1955 жылғы достық келісімінен шыққаны үшін сынап: «Трамп басқа елдердің де өз мүдделері бар екенін түсінбейді»,-деген болатын.
АҚШ Иран мұнайын сатып алушыларға істерін тоқтатуы үшін қараша айына дейін уақыт берді. Трамптың бұл саясаты Иран мұнайын сатып алушы елдердің қарсылығына ұшырады.