Ауғанстанның парламенттік сайлауы кезінде Фарах пен Кенерде екі бомба жарылысы болды
Ауғанстанда парламенттік сайлауы кезінде болған екі жарылыс салдарынан екі әйелдің жараланғаны хабарланды.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл жарылыстар парламенттік сайлауда дауыс беру үшін учаскелерге барған адамдардың қорқыныштарына себеп болған.
Ауғанстанның батысындағы Фарах полиция басқармасының ақпарат өкілі миномет оғының осы уалаяттың орталығындағы тұрғын ауданға атылғанын, бірақ ешқандай зиян тигізбегенін айтты.
Ауғанстанның шығысында орналасқан Кенер уалаятының Нары ауданындағы тәліптер сайлау учаскесіне апаратын жолдарға қарай зеңбіректен оқ атып, соның салдарынан екі әйел жараланды.
Бүгін таңертеңнен бері Ауғанстан астанасындағы дауыс беру орталықтарына жақын жер мен Кабулдың дипломаттар тұратын ауданында және Парван уәлаятының орталығы Чарикар қаласында бірнеше жарылыс болды.