Қаз 22, 2018 18:09 Asia/Almaty
  • Ресейліктер АҚШ-тың орта қашықтықтағы ядролық қару туралы келісімінен шығу ықтималына реакция білдірді

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі әрі өкілдік басшысының орынбасары АҚШ-тың орта қашықтықтағы ядролық күштер туралы келісімнен біржақты негізде шығу туралы шешімін сынады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дмитий Полонский жексенбі күні кешке АҚШ-тың орта қашықтықтағы ядролық зымырандар туралы келісімнен шығу ықтималын болжауға болған, бірақ өкініш тудыратын әрекет деп атап: "Бұл мәселедегі ең үлкен жеңіліс табушы әлем елдері мен Еуроодақ болмақ",-деді.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков реакция білдіріп, АҚШ Президенті Дональд Трамптың орта қашықтықтағы ядролық қару туралы келісімнен шығу жайлы сөзін Ресейден ұпай алу үшін жасалған арандату әрі қоқан-лоққы  деп атап:

"Мәскеу АҚШ-тың халықаралық келісімдер мен хаттамалардан біржақты негізде шығуына реакциясында қарымта шара қолданатын болады. Мұнда әскери шара да болуы мүмкін",-деді.

АҚШ-пен арада қысқа және орта қашықтықтағы ядролық зымырандарға тыйым салу туралы келісімге қол қойған Кеңес Одағының соңғы басшысы Михаил Горбачев Вашингтонның бұл келісімнен шығуын қателік әрі ақымақтық деп атады.

Тегтер