Қаз 23, 2018 15:26 Asia/Almaty
  • Авантюра – Сауд үкіметі билігінің тәсілі

Сауд әулетінен кетіп, Германияны паналаған ханзадалардың бірі Халед бен Фархад әл-Сауд Ливанның «Әл-Майадин» арнасына берген сұхбатында авантюраның Сауд Арабиясы тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман үкіметінің тәсілі екендігіне тоқталып, бен Салманның жолының соңына жеткені туралы болжам айтып:

«Егер Сауд Арабиясының Королі Малек Салман Мұхаммад бен Салманның орнына басқа адамды таңдауға мәжбүр болса, ол адам Мұхаммадтың інісі Халед болады. Егер Халед тақ мұрагері болып сайланса, міндетті түрде оған қарсы төңкеріс жасалады»,- деді.

Халед бен Фархад бен Салманның Хашоғджидің өліміне қатыстылығы дәлелденсе, оны айыптауды талап етіп: «Бен Салман тілшінің мүрдесін бөлшектеуге қатысты деп айыпталса, әлем елдері онымен қалай қарым-қатынас жасайды»,- деді.

Халед Бен Фархад әл-Саудтың айтуынша, саудиялық басшылардың бойында адамгершіліктің иісі де қалмаған, тіпті бір әулеттен болу да олар үшін маңызды емес. Олар өздеріне қарсы сөйлегендерді өлуі керек деп санайды».

 

Тегтер