Иран, Әзірбайжан және Ресей электр жүйелерін қосу туралы келіссөз жүргізуде
(last modified Wed, 24 Oct 2018 16:36:52 GMT )
Қаз 24, 2018 22:36 Asia/Almaty
  • Иран, Әзірбайжан және Ресей электр жүйелерін қосу туралы келіссөз жүргізуде

ИИР Энергетика министрі Теһран, Баку және Мәскеудің электр жүйелерін қосу туралы келіссөз жүргізіп жатқаны туралы хабарлады.

Иранның Энергетика министрі Реза Ардаканиан Иран, Әзірбайжан және Ресей елдерінің  Энергетика министрлері орынбасарларының үш елдің электр жүйесін қосу туралы келіссөз жүргізіп жатқаны туралы хабарлап, Иран, Әзірбайжан және Ресей  электр жүйелерін қосу үшін қажет техникалық шаралардың жылдам іске асырылуы керектігін айтты.

Ардаканиан сондай-ақ Иранның көрші елдерге  шамамен 2000 мегаватт қуат экспорттау мүмкіндігіне ие екендігін, Иранның қуатты Ауғанстан, Пәкістан және Иракқа экспорттайтынын мәлімдеді.