Еуроодақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдауды жалғастырады
Еуроодақ Данияның Иранға таққан айыбына білдірген реакциясында: "Брюссель бұл іске қатысты Копенгагеннен көбірек мәлімет беруді күтуде. Одақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдауды жалғастыра береді",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринидің ақпарат хатшысы Майя Косьянчич сәрсенбі күні айтқан сөзінде Данияның Иранға айып тағуы сияқты мәселелерді ядролық келісімнен бөлек екенін, сондықтан оны сақтауға бағытталған талпыныстардың жалғасатынын мәлімдеп: "АҚШ-тың санкциялары жағдайында Еуропа мен Иранның сауда қарым-қатынасын сақтау үшін арнайы қаржы механизмдерін орындау жолында шара қолдану жалғасуда. Еуроодаққа мүше елдер осыған қатысты келіссөз өткізіп жатыр",-деді.