Хошру: АҚШ-тың санкциялары әлемдік сауданы тоқтатты
(last modified Fri, 02 Nov 2018 15:14:31 GMT )
Қар 02, 2018 21:14 Asia/Almaty
  • Хошру: АҚШ-тың санкциялары әлемдік сауданы тоқтатты

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі бейсенбіде АҚШ санкцияларының жаһандық сауданы тоқтатқаны туралы қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ғоламәли Хошру АҚШ-тың Кубаға қарсы біржақты санкцияларын тоқтату үшін ұсынылған қарарды талқылау үшін өткен БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында: "Қырғи-қабақ соғысы" кезіндегі саясаттарды жүргізуді көздеп отырған АҚШ-тың  қазіргі үкіметінің біржақты санкциялар салу сияқты әрекеттері Кубаның экономикасына көп шығын келтірді",- деді.

Хошру сондай-ақ, АҚШ-тың өткен 40 жылдағы Иранға қарсы дұшпандығына, соның ішінде Теһранға қарсы бұрын-соңды кездеспеген экономикалық санкция салуына тоқталып: "АҚШ өз мақсаттарына жету үшін санкция салуды құрал ретінде пайдалануда",- деді.

БҰҰ-ның Бас ассамблеясы бейсенбі күні қорытынды қаулы бекітіп, АҚШ-тың Кубаға қарсы біржақты санкцияларын тоқтатуды талап етті. Бұл қарар АҚШ пен Израильдің қарсылығына қарамастан 186 "оң" дауыспен бекітілді.