Қар 05, 2018 10:33 Asia/Almaty
  • Германия АҚШ-тың зымырандарға қатысты келісімінен шығатыны туралы шешімін сынады

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Масс АҚШ-тың Орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарға қатысты ANF келісімінен шығу туралы шешімін сынап, келісімді қару-жарақты бақылайтын ең маңызды келісімдердің бірі деп атады.

"Спутник" агенттігінің мәліметі бойынша, Хайко Масс: "Орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарға қатысты келісім әлемді қару-жарақ бәсекелестігінің бір түрінен қорғап келді. АҚШ, Еуропа мен Ресей қаруларға қатысты осы кезге дейін жасалған келісімдерді қайта қарастырып, оларға жаңа қару-жарақтарды қосып, қару-жарақты бақылауға алатын жаңа келісім жасауы керек",- деген ұсыныс жасады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп халықаралық міндеттемелеріне немқұрайдылық танытуының жалғасында қазанның 20 күні АҚШ-тың орта қашықтықтағы ядролық зымырандар туралы  келісімнен шығуға дайындалып жатқанын мәлімдеді.

1987-ші жылы АҚШ пен Кеңес Одағының сол кездегі басшылары "Орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандар» туралы келісімге қол қойып, "қырғи қабақ" соғысы кезіндегі қайшылықтарды азайту саласында маңызды шешім қабылдаған болатын.

 

 

Тегтер