Башар әл-Джафари: АҚШ Сириядан өз күштерін шығаруы керек
(last modified Tue, 06 Nov 2018 10:53:02 GMT )
Қар 06, 2018 16:53 Asia/Almaty

БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі дүйсенбі күні АҚШ әскери күштерінің Сириядағы құзырын заңсыз деп атап, Вашингтонның өз күштерін Сириядан шығаруы керектігін айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Башар әл-Джафари Қауіпсіздік кеңесінің Сирия туралы отырысында: «АҚШ басқарған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция осы кезге дейін Сирияның зорлық-зомбылық көрген мыңдаған халқын қанға бөктірді»,- деді.

Әл-Джафари АҚШ пен одақтастарын Сириядағы лаңкестік топтардың негізгі қолдаушысы деп атап, Қауіпсіздік кеңесіне мүше Батыс мемлекеттері Сирия халқына қарсы қылмыстарын жасыру үшін БҰҰ пайдаланып жатқанын айтты. Ол сондай-ақ, Батыстың Сирия Армиясын химиялық қару пайдаланды деп айыптауын үлкен өтірік деп атап: «Сирия еш уақытта химиялық қаруды пайдаланған емес. Бұдан кейін де пайдаланбайды»,- деп баса айтты.

БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Дамасктің химиялық қарудың кез келген түрінің пайдаланылуын айыптайтындығына тоқталып, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен Израильді  ядролық және химиялық қаруларынан қарусыздандыруға күш салуды сұрады.

 

 

Тегтер