АҚШ: Ешбір елдің Иран мұнайын тасымалдауға немесе сақтандыруға құқығы жоқ
АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Иранға қатысты шаралар» тобының басшысы ешбір елдің Иран мұнайын тасымалдауға немесе сақтандыруға құқығы жоқтығын айтты.
Брайан Хук сәрсенбі күні Иран халқына қарсы санкциялардың күшейтілуінің жалғасында: «Ирандық танкерлерді бұдан былай халықаралық компаниялар сақтандырмайды. Олар ирандық сақтандыру компанияларының қарауына көшуі мүмкін.
Ирандық кемелер Суэцтен бастап, Малака бұғазына дейінгі кез келген айлақ пен канал үшін қатер саналады. Санкциялардан уақытша босатылған елдер тек Ираннан мұнай экспорты көлемін айтарлықтай азайтқан жағдайда ғана осы жеңілдікті пайдалана алады»,‑деді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті елдерге ирандық танкерлерге өздерінің айлақтарына жақын территорияға кіруге рұқсат бермеу туралы ескертті.