Америка мұсылмандарының басшысы АҚШ үкіметінің Иранға қарсы дұшпандық саясатын сынады
Америка мұсылмандары қозғалысының басшысы Дональд Трамп үкіметінің дұшпандық саясат ұстанып, Иран халқына салған ең қатаң санкциясын сынады.
Луис Фарахон бейсенбі күні Пресс ТВ арнасында өткен баспасөз отырысында АҚШ үкіметінің Иран халқына қарсы әділетсіз санкция салуға жеткізген дұшпандық саясаттарын сынап: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін толық әрі дұрыс орындады. АҚШ келісімнен біржақты түрде шығып, Иранға қарсы өте ауыр санкция салды»,- деді.
АҚШ мұсылмандарының басшысы сондай-ақ, әлемдегі қазіргі саяси жағдай мен кейбір ірі мемлекеттердің зұлымдық пен күпірлік білдіріп, қылмыс жасап отырғанына тоқталып: «Шайтан христиандар мен еврейлер жүздерін өзгертті. Сондықтан ислам әлемі қайшылықтарды қойып, бір-бірінің қасында бірлікте өмір сүруі керек»,- деді.
«Ислам үмбеті» қозғалысының басшысы Трампқа: «АҚШ пен Израильге өлім!» деген ұран Американың түбіне жетпейді. АҚШ-тың жойылуына сіз жауаптысыз»,- деп ескертті.