Еуроодақ: Иранның ядролық келісімін алмастыратын ештеңе жоқ
Еуроодақтың әділет комиссары Иранның ядролық келісімін алмастыратын ешбір беделді құжаттың жоқтығын айтты.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодақтың Тұтынушылар және жыныстық теңдік комиссары Вера Йоурова сәрсенбі күні Еуропа Парламентінің кезеңдік жиналысында Иранның ядролық келісімін сақтауды әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздігі үшін маңызды тақырыптардың бірі деп атап: "Бұл еуропалық ұйым АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін салған трансшекаралық санкцияларын ресми танымайды.
Еуроодақ өзінің басқа елмен заңды сауда жасауына қатысты АҚШ-тың нұсқауын қабылдамайды.
Франция, Германия мен Ұлыбританияның ядролық келісімнің барлық салаларда толық әрі әсерлі орындалуы мақсатында жасап жатқан шаралары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына сәйкес",-деді.