Иранның БҰҰ-дағы өкілі: Саудиялық режим өзінің айуандық құралын семсерден араға ауыстырды
Иранның БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетіндегі өкілі Сауд Арабиясы өкілінің қисынсыз сөздеріне жауабында: "Өздерінің айуандық құралын семсерден араға ауыстырған өркениеттен жұрдай бәдәуилік мафия Сауд режимін басқарып отыр",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетіндегі өкілі Сауд Арабиясының БҰҰ-дағы өкілі Абдулла әл-Муаллемидің қисынсыз сөздеріне жауабында: "Тіпті аз ғана әдебі болғанда Сауд Арабиясы үнсіздік сақтап, Ирандағы адам құқығы тақырыбын қозғамас еді. Алайда соңғы кезде сүйікті құралын семсерден араға ауыстырған Сауд Арабиясынан әдептілікті күтудің қисынсыз екендігі анық.
Сауд Арабиясының ваххабизмі әл-Каида, Талибан, ДАИШ пен әлемдегі басқа да лаңкестік топтарды жан-жақты қамтамасыз етіп отыр. Оның бір мысалы, ДАИШ өзінің қолбасшыларын саудиялық тәкфирлік идеология негізінде жазылған кітаптармен оқытады",-деді.