Италияның ақпарат құралдары ИИР президентінің Рим қаласына жасаған сапарын кеңінен жариялады
ИИР президентінің Италия сапары сол елдің газеттерінде кеңінен көрініс тапты.
«Corriere della Sera» газеті ИИР президенті Хасан Руханидің Италияға жасаған сапарына тоқталып: «Екі ел арасында экономикалық келісімшарттарға қол қою, ИСИМ және лаңкестікпен күрес, аймақтағы қауіпсіздік мәселелерін әскери емес жолдармен шешу екі елдің қайраткерлері үшін маңызды тақырыптар болды» деп жазды.
«Il Messaggero» және «La Stampa» газеттері де «Италия – Иранның алғашқы серіктесі. Теһран Италия үшін Азия нарығына қарай салынған көпір болады» деп жазды.
«La Repubblica» газеті де өз хабарында «Теһран әрекет етуді бастады. Италиялық компаниялар Иранның өнеркәсібін жаңарту бағытында әрекет жасайды» деп жазады.