Иран БҰҰ-дан Помпеоның сөзін айыптауды сұрады
(last modified Sat, 01 Dec 2018 08:51:45 GMT )
Жел 01, 2018 14:51 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ-дан Помпеоның сөзін айыптауды сұрады

ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі жұма күні БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жолдаған хатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иран халқына қарсы жауапсыз әрі арандатушылық сипаттағы сөздерін айыптауды сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі бұл хатында Иран халқын ашаршылықпен қорқытқан Помпеоның жуырдағы сөздеріне сілтеме жасап, оны Иран халқына қарсы экономикалық соғыстың отын өршіту жолында қысым көрсетіп, шынайы қауіп төндіруге бағытталған АҚШ саясатының бір бөлігі деп атады.

Иранның БҰҰ-дағы өкілі өз хатында сондай-ақ, Иран халқының дәрі-дәрмек, медициналық және емдік құрал-жабдықтарды құрайтын негізгі қажеттіліктерге қол жеткізуге кедергі жасайтын АҚШ санкцияларының қайта күшіне енуіне тоқталып, Ақ үйдің әрекеттерін адамзат баласына қарсы қылмыстардың айқын үлгісі деп баса айтты.

Сонымен қатар, ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі  Помпеоны АҚШ-тың зорлық көрсетуші саясатының келесі бір көрінісі деп атап, Вашингтонның Иран халқын жазалаумен қатар, басқа елдерді де Қауіпсіздік кеңесінің қарарына бағынғаны үшін жазалауға дайын екендігін мәлімдеді.