Foreign Policy: Бен Салман қылмыскерден бетер
(last modified Wed, 05 Dec 2018 14:45:52 GMT )
Жел 05, 2018 20:45 Asia/Almaty
  • Foreign Policy: Бен Салман қылмыскерден бетер

Америкалық Foreign Policy басылымы Сауд Арабиясына қатысты АҚШ-тың саясатын сынап: "Сауд Арабиясының тақ мұрагері қылмыскерден бетер",- деп жазды.

Foreign Policy басылымның сайты кейбір америкалық басшылардың, соның ішінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Сауд Арабиясының сыншысы, жазушы Джамал Хашоғджидің өлімін ақтау талпыныстарына тоқталып: "Помпеоның The Wall Street Journal  басылымындағы ақтауы қанағаттандырмайды. Помпео Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманға қатысты сынды "ақпараттық қысым" деп атап, Иран тақырыбына көңіл аударып, Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығындағы Хашоғджиді өлтірудің жауапкершілігін Риядтан бұрмалауға талпынды. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Сауд Арабиясының өз елінің маңызды одақтасы екенін мойындауымен әлемдік қоғамның кең ауқымды сынына қарамастан саудиялық қылмыстарды ақтауы таңғаларлық жайт емес",- деп жазды.