Ирандық фильм Үндістанның Керала фестивалінің «Үздік фильм» номинациясына ие болды
Жел 14, 2018 17:55 Asia/Almaty
Ирандық «Қараңғы бөлме» фильмі Үндістанның Керала штатында өткен 23-ші халықаралық фестивальдің «Үздік фильм» номинациясын алды.
Үндістандағы 23-ші халықаралық Керала фестивалінің бейсенбі күні өткен жабылу рәсімінде «Үздік фильм» номинациясы ирандық «Қараңғы бөлме» фильмінің режиссері Рухолла Хиджазиге берілді.
Керала фестивалінің «Үздік режиссер» номинациясын үнді режиссері иеленді.
Биылғы Керала фильмі фестивалінің халықаралық бөлімінің қазылар алқасын ирандық режиссер Маджид Маджиди басқарды.
23-ші халықаралық Керала фестивалі желтоқсанның 7-13 күндері өтті.
Тегтер