Ресейдің үкімет басшысы Түркия Қарабақ қақтығысына араласуы ықтимал деп хабарлады
(last modified Sun, 10 Apr 2016 02:11:24 GMT )
Сәу 10, 2016 08:11 Asia/Almaty
  • Ресейдің үкімет басшысы Түркия Қарабақ қақтығысына араласуы ықтимал деп хабарлады

Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведев сенбі күні Түркия Қарабақтағы қақтығыстарға араласуы ықтимал деп хабарлады.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Медведев «Көптеген топтар Қарабақтағы қақтығыстардың Таяу Шығыс және Ресейдегі ахуалға тигізер әсеріне шолу жасайды. Барлық қақтығыстар кез- келген уақытта саяси шешімдерге әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан мен Қарабақтағы қақтығыстардағы сыртқы әсерлі факторларды жоққа шығара алмаймын. Осы қақтығыстардағы сыртқы әсерлі факторлардың бірі – Түркия, өйткені Түркия бұрын бұл жөнінде өз тұрғысын жариялаған. Түркияның бейбітшілікті талап етудің орнына Қарабақ қақтығысын бағалауға бейімділігі көңіл алаңдатарлық» деді.

Медведев Қарабақ аймағының жағдайы жөнінде айтқан сөзінде: «Бұл аймақта оқта-текте атыс болғанымен Қарабақта атыс тоқтату келісімі орнатылған. Қалай болғанда да дәл қазір атыс тоқтату жарияланып, жүзеге асырылып жатыр» деді.