ИЫҰ Кашмирдегі бейбіт тұрғындарды өлтіруді айыптады
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) Үндістан қауіпсіздік күштерінің Кашмир облысындағы бейбіт тұрғындарды өлтіруін айыптады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мәлімдеме жариялап, Үндістан қауіпсіздік күштерінің бұл елге қарасты Кашмир облысындағы Пулвама ауданында Нью-Дели үкіметінің басып-жаныштаушы саясаттарына наразылық білдірген шерушілерге оқ атуын лаңкестік әрекет деп атады.
ИЫҰ сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтан, атап айтқанда БҰҰ-нан Үндістан мен Пәкістан арасындағы даулы Кашмир облысына қатысты әділ шешім жолын табуын өтінді.
Сенбі күні Үндістан әскерилерінің Кашмирдегі Пулвама ауданы тұрғындарына жасаған шабуылы кезінде 10 адам қаза болып, 30-ға жуық адам жараланды.