БҰҰ қайталанған уәждерімен Иранға қарсы қарар бекітті
Жел 18, 2018 15:18 Asia/Almaty
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы әлсіз дауыспен Канаданың Ирандағы адам құқықтарына байланысты ұсынған қарарын бекітті.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұдан бұрын Бас ассмблеясының үшінші комитетінде бекітілген бұл қарар дүйсенбі күні АҚШ пен Канаданың қысымымен қабылданды. Қарарда Иранға қарсы адам құқығына қатысты уәждер қайталанды. Иранға қарсы қарар 84 «оң», 30 «қарсы» және 67 «қалыс» дауыспен бекітілді.
БҰҰ-дағы Ресей өкілі Канаданың ұсынған қарарына қарсылық білдіріп, оны екіұшты стандарттар мен саяси ұстанымдарға ие деп атады.
Тегтер