Вашингтон Башар Асадты биліктен кетіруді көздемейді
(last modified Tue, 18 Dec 2018 11:13:11 GMT )
Жел 18, 2018 17:13 Asia/Almaty
  • Вашингтон Башар Асадты биліктен кетіруді көздемейді

Лаңкестер 7 жылдан артық уақыт бойы Сириядағы үкіметті құлата алмаған соң, АҚШ-тың арнайы өкілі Вашингтонның Башар Асадты биліктен кетіруді көздемейтінін мәлімдеді.

«Меһр» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Джеймс Джеффери Атлантик институтында сөйлеген сөзінде «Сирия үкіметі түбегейлі өзгермесе, Вашингтон мен одақтастары Сирияны қайта құру үдерісіне қаржылай қолдау көрсете алмайды» деді. Сирия істері жөніндегі АҚШ-тың арнайы өкілі сөзінің жалғасында дәлелденбеген айыптарын қайталап, ирандық кеңесшілердің Сириядан шығуын талап етті.

ИИР АҚШ пен одақтастарының қолдауына ие лаңкестік топтармен күресу үшін Сирияның ресми өтінішімен кеңесшілерін жіберген болатын. Бұл шешім америкалық және израильдік басшылардың қарсылығымен бетпе-бет келді.

 

 

 

Тегтер