АҚШ-тың жоғары басшылары Трамптың америкалық әскерилерді Сириядан шығару туралы шешіміне наразы
(last modified Thu, 20 Dec 2018 08:22:56 GMT )
Жел 20, 2018 14:22 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың жоғары басшылары Трамптың америкалық әскерилерді Сириядан шығару туралы шешіміне наразы

АҚШ Президентінің ел әскерилерін Сириядан шығаруға шешім қабылдауы АҚШ-та теріс наразылыққа себеп болды.

«New York Times» газеті АҚШ‑тың Қорғаныс министрі мен Пентагонның жоғары лауазымды тұлғаларының АҚШ Президенті Дональд Трампты америкалық әскерилерді Сириядан шығару туралы шешім қабылдауынан бас тарттыруға талпыныс жасап жатқанын жазды.

Осындай жағдайда аты аталмаған бір америкалық жоғары лауазымды тұлға Дональд Трамп америкалық әскерилерді Сириядан шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін лаңкестікке қарсы миссия Ливия мен Синай түбегі сияқты басқа аймақтарда жалғасатынын мәлімдеді.

Сенатор Линдси Грэм өз мәлімдемесінде Трамптың Сирия туралы шешімін АҚШ‑тың бұрынғы Президенті Барак Обаманың 2011 жылы америкалық әскерилерді Ирактан шығару туралы шешіміне ұқсатып: «Трамптың жаңа шешімі орындалса, АҚШ‑тың қазіргі үкіметі Обама сияқты қателік жасайды»,‑деді.

Иллинойс штатының республикашыл сенаторы Адам Кинзингер Трапмтың АҚШ‑тың ДАИШ‑ты жеңгені туралы уәждерін теріске шығарып, оның сөзінің шындыққа жанаспайтынын айтты.

 

Тегтер