Ресей мен Украина арасындағы қайшылық арта түсті
Ресей мен Украинаның қарым-қатынасы 2014-ші жылы Киевте билік басына батысшыл үкіметтің келуі, Қырымның Ресейге қосылуы және Украинаның шығысындағы азамат соғысы салдарынан нашарлап, ресейлік және украиналық кемелердің Керчь бұғазындағы жуырдағы қақтығыс екі ел қайшылықтарын одан сайын арттыра түсті.
Ресей мен Украинаның бір-біріне қарсы әрекеттері өткен күндері күшейе түсті. Бұл салада Ресей сейсенбі күні Украинаға қарсы экономикалық санкцияларды арттырып, 250-ден астам украиналық азаматтың есімін қараша айында жариялаған қара тізімге енгізді. Бүгінде Украинаның 567 азаматы мен 75 компаниясы Ресейдің экономикалық санкцияларымен бетпе-бет келіп отыр. Санкцияларға сәйкес, бұл адамдардың Ресейдегі есеп шоттары жабылады.
Медведев Твиттерде бұл туралы: "Бұл санкциялар Ресей үкіметі мен халқының, сондай-ақ, ресейлік компаниялардың мүдделерін қорғауды көздейді",- деп жазды.
Украина Ресейге бұрын-соңды болмаған қоқан-лоққы жасады. Украина Теңіз күштерінің қолбасшысы Андрей Тарасов Ресейдің ықтималды шабуылына қарсы тұруға дайын екенін мәлімдеп: "Ресей шабуыл жасаған жағдайда әртүрлі заңдарды, әсіресе соғыс құралдарын пайдалану заңын қолданып, халықаралық және Украинаның заңдарына сәйкес міндетімізді атқарамыз»,- деді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров өткен аптада «Киевтің арандатушылық әрекеттерінің артуына қарамастан Мәскеу Украинамен соғысуды көздемейді",- деп мәлімдеген болатын.
Украинаның жоғары лауазымды әскери басшыларының әшкере түрдегі қоқан-лоққылары қайшылықтардың бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, әсіресе Азов теңізі мен Керчь бұғазында әскери қақтығыстардың ықтималын тудырып отыр. Ресейліктердің пікіріне сәйкес, батыстықтар Киев басшыларын Ресейге қарсы әрекет жасауға итермелеуде. Мәскеудің көзқарасы бойынша, жуырдағы теңіз қайшылықтарында Батыс НАТО мен Еуроодақ түрінде Украинаның ұстанымдары мен әрекеттерін қолдап, Киев үкіметін қайшылық тудыруға арандатты. Лавровтың айтуы бойынша, батыстықтар Киев басшыларының барлық қателігін кешіреді. Мәскеудің мұндай ұстанымына қарамастан Украинаның жоғары басшылары Еуропа мен АҚШ-тан Ресейге қарсы әрекет жасауға көмек сұрауда. Порошенко Ресеймен қарым-қатынасты азайтуды, тіпті, толық тоқтатуды қолдауымен бірге батыстықтардың Ресейге қарсы санкцияларын күшейту мен Мәскеудің әрекеттеріне қарсы тұру үшін НАТО-ның Азов теңізінде орналасуын қуаттайды. Осылайша, Мәскеу мен Киевтің қайшылықтары артып келеді.