Трамптың Иракқа жасаған үш сағаттық сапарының кереғар тұстары
(last modified Thu, 27 Dec 2018 11:58:32 GMT )
Жел 27, 2018 17:58 Asia/Almaty
  • Трамптың Иракқа жасаған үш сағаттық сапарының кереғар тұстары

АҚШ Президенті Дональд Трамптың ұшағы сәрсенбі күні кешке Ирактың батысындағы бір америкалық әуе базасына қонды.

Ирак Премьер-министрі кеңсесінің мәліметі бойынша, Трамптың әл‑Анбар облысына түнгі сапары осы кеңсеге хабарланғанымен, оның облыстағы «Ейн әл‑Асад» әуе базасына келуінің халықаралық заңдарға томпақ келетіндігі  анық. Трамп сияқты адамнан мұндай істің жасалуы мен оның қайталануын күтуге болады.

Мұнымен бір мезгілде АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ирак Премьер-министрі Адель Абдулмехдидің Бағдадтағы кездесуі отырысты өткізу тәсіліне қатысты қайшылыққа байланысты өтпейтін болды. Ирактың жауапты тұлғалары елдің ұлттық егемендігі принципіне құрметпен қарауды сан рет баса айтты. Трамптың әл‑Анбар облысына тікелей сапар жасауы АҚШ Президентінің осы принципке көңіл бөлмейтінін көрсетті.

АҚШ Президентінің Ирактың ұлттық егемендігі принципіне көңіл бөлмеуі қазір ирактықтардың америкалық әскерилерді елден шығару үшін ортақ майдан құрған жағдайда орын алып отыр.  

Трамптың әл‑Анбар облысындағы «Ейн әл‑Асад» әуе базасына келе сала «Қандай жағдай болса да, америкалық әскерилерді Ирактан шығаруды қаламаймын» деп айтуы Ирак халқы, саяси топтары мен қарсыласу күштерінің шымбайына батқаны анық.

Сирияда ДАИШ‑тың жеңіліс табуы Трамптың 2018 жылдың 19 желтоқсанында өз әскерилерін бұл елден шығаратынын жариялауына себеп болғаны сияқты Иракта да осындай сылтау бар. ДАИШ лаңкестік тобы бір жыл бұрын ирактықтардың талпыныстарының арқасында жеңіліс тапты. Биылғы жылдың желтоқсан айының басында Ирактың әртүрлі қалаларында ДАИШ‑тың жеңілісі мен Ирактың жеңісінің алғашқы жылы аталды.

Иракта ДАИШ жеңілгеннен кейін енді Трамптың америкалық әскерилерді Иракта қалдыруды баса айтуына еш себеп жоқ. Сириядан шығып, Иракта қалу АҚШ саясатындағы қарама‑қайшылықты көрсетеді. Егер Трамптың әл‑Анбар облысындағы америкалық әскерилер алдында айтқан сөздеріне көңіл аударсақ, «Сириядан шығу АҚШ‑тың ол елдің ісіне араласуды тоқтатады деген сөз емес» екендігі байқалады. АҚШ Президенті сәрсенбі күні кешке «Ейн әл‑Асад» әуе базасында: «Егер Сирияда әскери амал жүргізгіміз келсе, Иракты база ретінде қолдана аламыз»,‑деді.

АҚШ‑тың Сирияға қатысты саясатының екіжүзділігі ресейліктердің ұстанымдарынан да байқалады. Ресей Сыртқы істер министрі Мария Захарова сәрсенбі күні: «Мәскеу АҚШ-тың әскери күштерін Сириядан шығаруын қолдайды. Алайда бұл істің себептері мен мақсаттарынан хабарсыз»,‑деді.

Қалай болғанда да,  Ирак қоғамынан біртұтас дауыс шығып, америкалық әскерилердің Иракта қалуының жалғасуына қарсылық білдіруі оның ұлттық талапқа айналғанын көрсетеді. Ирактың «ән‑Наджба» қозғалысының ресми ақпарат хатшысы Хашем Мусави сәрсенбі күні кешке Трамптың әл‑Анбар облысына сапарына реакциясында Ирак жерінің АҚШ‑тың әскери базаларын орналастыратын жер емес екенін айтып: «Ирак үкіметі америкалық әскерилерді елдің егемендігіне нұқсан келтіріп отырғаны үшін Ирактан шығарып жіберуі керек»,‑деп қуаттады.

Ирактықтардың америкалық әскерилерді елден шығаруға деген талап‑тілегі мен ерік‑жігері және олардың көмегін қажетсінбеуі олардың халықтық күштердің арқасында ДАИШ‑ты жеңген тәжірибесі негізінде туындап отыр. Иракта ДАИШ‑тен төнген қатер шарықтау шегіне жеткен кезде шетелдік күштер, соның ішінде америкалықтар Ирак үкіметіне көмектеспеді.

 

 

Тегтер