Әлемдік валюта қорында АҚШ долларының үлесі азайып барады
Халықаралық қаржы қоры әлем елдерінің валюта қорында АҚШ доллары үлесінің азайғанын хабарлады.
Al-Jazeera ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Халықаралық қаржы қоры сенбі күні 2018 жылдың үшінші тоқсанында әлемдік валюта қорында АҚШ доллары үлесінің соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткенін хабарлады.
Халықаралық қаржы қорында АҚШ доллары, еуро, Ұлыбритания фунт стерлингі, Қытайдың юані мен Жапонияның йені бар. Осы аралықта әлемдік валюта қорындағы еуроның үлесі шамамен 20 пайызға артып, 2014 жылдан бергі ең жоғары мқлшерді көрсетті.
Халықаралық қаржы қоры есебінің жариялануымен бір мезгілде АҚШ-тың Қаржы министрлігі бұл ел қарызының 2017 жылмен салыстырғанда 1 трлн 370 млрд долларға артып, жақын болашақта 22 трлн доллардан асатынын айтты.
Осындай жағдайда Трамптың саудадағы біржақтылығы, қаржы және банк саласына санкция салуы, саяси бәсекелестер мен оппозиционерлерге қысым жасау үшін долларды құрал ретінде пайдалануы бұл валюта үлесінің әлем елдерінің қорында күннен-күнге азаюына соқтырды.