АҚШ Президенті америкалық күштердің Сириядан шығатын кестесін өзгертті
(last modified Tue, 01 Jan 2019 08:14:41 GMT )
Қаң 01, 2019 14:14 Asia/Almaty
  • АҚШ Президенті америкалық күштердің Сириядан шығатын кестесін өзгертті

Пентагон басшылары АҚШ Президентінің елдің екі мың әскериінің Сириядан шығу кестесін 4 айға өзгерткенін айтты.

The New York Times газеті АҚШ-тың екі әскери басшысының сөзіне сілтеме жасап: «Дональд Трамп өткен аптада Иракқа жасаған сапарында Ирак пен Сириядағы америкалық күштердің қолбасшысы Пол Ла Камераның өзіне Сириядан қауіпсіз және жүйелі түрде шығуға армияның бірнеше ай уақыты бар екенін айтқан болатын. Трамп бұрынғы және қазіргі әскери басшылардың америкалық күштердің Сириядан жылдам шығуының қатері туралы ескертулеріне көңіл бөліп, өзінің бұл салада берген бірінші бұйрығын іске асырмауымен бірге әскерилерінің шығу кестесін 30 күннен 120 күнге өзгертті»,- деп жазды.

АҚШ армиясының бұрынғы қолбасшыларының бірі Марк Хертлинг CNN-ге берген сұхбатында: «Трамптың америкалық әскерилерді Сириядан шығару шешімі баршаны сергелдеңге салды»,- деген болатыын.

 

 

Тегтер