Трамп әскерилерін Сириядан біртіндеп шығаратынын мәлімдеді
(last modified Thu, 03 Jan 2019 10:08:44 GMT )
Қаң 03, 2019 16:08 Asia/Almaty
  • Трамп әскерилерін Сириядан біртіндеп шығаратынын мәлімдеді

АҚШ Президенті ДАИШ жеңілгеннен кейін америкалық күштердің Сириядан біртіндеп қайтатынын айтты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні АҚШ әскерилері Сириядан шығарылатынына қарамастан, сириялық күрдтерді қорғайтыны туралы уәж айтты.  

Дональд Трамп Солтүстік Корея тақырыбына тоқталып, жақын болашақта Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесу бағдарламасын жариялайтынын айтты.

АҚШ Президенті Солтүстік Корея басшысымен жақсы байланыста екенін және ешқашан бұл елден ядролық қарусыздану үдерісін жылдамдатуды сұрамағанын айтты.   

Солтүстік Корея басшысы Жаңа жыл қарсаңындағы сөзінде АҚШ-қа бұл елге қарсы санкцияларын жалғастыратын болса, Пхеньянның қатынасын өзгертетінін ескертті.

АҚШ Президенті, сондай-ақ, Қытай мәселесіне тоқталып, Қытаймен сауда келіссөздері жақсы жүріп жатқанын, алда не болатынын көру керектігін айтты.   

 

 

Тегтер