Ауғанстан шекарасында Тәжікстанның бір шекарашысы өлтірілді
(last modified Sat, 05 Jan 2019 14:06:27 GMT )
Қаң 05, 2019 20:06 Asia/Almaty
  • Ауғанстан шекарасында Тәжікстанның бір шекарашысы өлтірілді

Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында ауған контрабандистерімен қарулы қақтығыс кезінде бір тәжікстандық шекарашы өлтірілді.

France ақпарат агенттігінің Тәжікстанның қауіпсіздік күштері дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, жұма күнгі қақтығыс кезінде ауғандық контрабандистерден 15 килограммға жуық есірткі мен бір пулемет табылып, тәркіленген.

Тәжікстанның Ауғанстанмен 1340 шақырымды құрайтын ортақ шекарасы бар. Бұл ел Ауғанстаннан Ресей мен басқа Еуропа елдеріне есірткі заттарын тасымалдайтын негізгі транзиттік бағыттардың бірі саналады.

2017 жылы желтоқсан айындағы қарулы қақтығыс кезінде бір тәжікстандық шекарашы мен есірткі таситын үш контрабандист өлтірілген болатын.

Ауғанстан әлемдегі есірткі заттарын өндіретін ең ірі орталықтардың бірі саналады.

АҚШ пен Ұлыбритания өткен 18 жылда өз күштерін Ауғанстанда орналастыру арқылы елдегі есірткі заттарын өндіру көлемін арттыруда белсенді рөл атқарды.