Иран Сыртқы істер министрі Үндістанның Транспорт министрімен кездесті
(last modified Tue, 08 Jan 2019 06:50:37 GMT )
Қаң 08, 2019 12:50 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Үндістанның Транспорт министрімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Үндістанның Транспорт министрімен кездесуінде тасымалдау мен кеме қатынасы саласындағы екіжақты қарым-қатынастар мен Иранның Чабаһар портындағы ынтымақтастықтарын арттыру туралы пікір алмасты.

Үндістанға ресми сапармен барған Мұхаммад Джавад Зариф бүгін таңертең сол елдің Транспорт министрі Нитин Гадкаримен кездесті. Зариф дүйсенбі күні Дели әуежайында берген сұхбатта: «Иран Үндістанды әрқашан қажет мұнаймен қамтамасыз ететін сенімді серіктес болады», деді. Зариф тіпті, АҚШ-тың санкцияларынан кейін де Үндістан мен Иран қарым-қатынасының жақсы сақталғанына тоқталып: «Өткен күзде санкциялар қайтарылған соң үнділіктермен банк саласында жақсы  келісімге қол қойдық. Бұл келісім екі елге экспорт-импортпен айналысуға және басқа да қаржы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді.