Қаң 10, 2019 11:52 Asia/Almaty
  • Джабери Мәскеуде Иран, Ресей және Түркия басшыларының үшжақты отырысы өтетінін хабарлады

Иран СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасары сәрсенбі күні жақында Мәскеуде Иран, Ресей және Түркия басшыларының Сирия мәселесі жөнінде үшжақты отырысы өтетінін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей басшыларымен кездесу үшін Мәскеуге сапармен барған Хосейн Джабери Ансари отырыстың нақты уақытының әлі анық еместігін  айтты.

Бұл Иран, Ресей және Түркия басшыларының Сирия мәселесіне қатысты өткізгелі отырған төртінші отырысы.

"Астана үдерісіне" кепіл үш мемлекет – ИИР, Түркия және Ресей Сирия дағдарысын шешу үшін талпыныс жасап жатыр.

 

 

Тегтер