Ресей АҚШ-тың ДАИШ-пен әріптестік жасайтынын мәлімдеді
РФ СІМ сәрсенбі күні Вашингтонның Мәскеуді Ауғанстанда ДАИШ лаңкестік тобымен әріптестік жасайды деп айыптауға талпынып жатқанын, алайда Ресейдің қолында АҚШ-тың ДАИШ-пен байланыста екенін көрсететін құжаттар бар екенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің СІМ өз мәлімдемесінде: "АҚШ-тың тыңшылық ұйымы Ауғанстан мен Батыстың кейбір елдерінің ақпарат құралдарында Ресейдің Ауғанстандағы шараларын жағымсыз етіп көрсету үшін теріс ақпарат таратуда. АҚШ Ресейді ДАИШ мүшелерін Сирия мен Ирактан Ауғанстанға тасымалдауға талпыныс жасап жатыр деп айыптайды. Вашингтон бұл әрекетін халықаралық қауымдастықты АҚШ-тың Ауғанстанда 17 жыл бойы жеңіліс тапқанынан алдарқату үшін жасап отыр",-деді.
Ауғанстанның үкіметі де АҚШ-тың ДАИШ-ке жан-жақты қолдау көрсетіп, осы лаңкестік топтың Ауғанстанда белсенділігін дамытуды көздейтінін сан рет мәлімдеді.