Қаң 23, 2019 13:44 Asia/Almaty
  • АҚШ адам құқығын әшкере түрде бұзғаны үшін жауап беруі керек

Иран Сыртқы істер министрлігі Press TV арнасының тілшісі Марзия Һашемидің тұтқындалуына наразылық білдіріп, Теһрандағы Швейцарияның елшісін шақырды.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми АҚШ Марзия Һашемиді тұтқында ұзақ ұстап отырғандықтан ирандық азаматтар мен Press TV  арнасы сейсенбі күні АҚШ-тың Теһрандағы мүдделерін қорғаушы Швейцария елшісі Маркос Лайтнерді Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырып, оған ИИР-ның наразылық нотасы тапсырылғанын хабарлады.

Швейцария елшісіне тапсырылған нотада: «Бұл оқиғаға қатысты АҚШ-тың Федералды полициясының қатынасы мен Вашингтон басшыларының таңданыс тудыратын үнсіздігі халықаралық міндеттемелерге қайшы.

АҚШ үкметі адам құқығын әшкере түрде бұзғаны үшін  жауап беруі керек»,- деп баса айтылды.

Қаңтардың 18 күнгі бірінші соттың судьясы Press TV арнасының тележүргізушісі Марзия Һашемидің ешқандай қылмыс жасамағанын растап, оның бір белгісіз сот ісінде басты куәгер ретінде де тұтқындалғанын айтты.

Бірақ, соған қарамастан Press TV телеарнасы жүргізушісінің босатылатын мерзімі әлі жарияланған жоқ.  Марзие Һашеми Вашингтонның аймақтық сотына куә ретінде екі рет келіп, куәлік еткен, бірақ оның енді қанша уақытқа дейін тұтқында қалатыны белгісіз.

Press TV арнасының тілшісі әрі тележүргізушісі осыдан бірнеше күн бұрын телефон арқылы байланыста оған сотталған қылмыскердей қатынас көрсетіліп, өзінің өте нашар жағдайда отырғанын айтқан болатын. Сондай-ақ, қызымен телефон арқылы қысқа сөйлескенінен оның аяқ-қолына кісен салып, хиджабын шешкізіп, халал емес тамақ беріліп жатқаны мәлім болды. Мұның барлығы адам құқығын әшкере түрде бұзу болып табылады. Мұндай әрекет АҚШ үшін жаңалық емес. Америкалықтар әсіресе мұсылмандар мен қара нәсілділерге, аз санды топтар мен ақпарат құралдарының иелері мен белсенділеріне қарсы зұлым әрекеттерді саяси құрал ретінде пайдаланатынын сан рет көрсетті.

Mint Press сайты: «Ирандық Press TV  арнасының тілшісі Марзия Һашемиді тұтқынға алудың көптеген саяси мақсаты бар»,- деп жазды.  «Россия сегодня» ақпарат агенттігінің директоры Дмитрий Киселев тұтқындауды АҚШ үкіметінің кәнігі саясаты деп атап: "АҚШ басшылары әрдайым қарапайым халықтан кек алады. Бұл жолы осы жағдай Press TV арнасының тілшісі Марзия Һашемидің басынан өтіп жатыр",- деді.

Марзия Һашемидің әйел тілші ретінде адам құқығының әшкере түрде бұзылуы халықаралық тұрғыдан маңызды. Сондықтан бұл мұсылман әйелдің құқығын қорғау үшін халықаралық деңгейде шара қолданылуы керек.

 

 

   

 

 

Тегтер