АҚШ Иранға тағы санкция салды
АҚШ Қаржы министрлігі «Иранмен қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастық жасады» деген айыппен, бірнеше компанияны санкциялардың тізіміне енгізді.
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі бейсенбі күні Ереванда орналасқан Fars Air Qeshm әуе жолдары және Flight Travel жолаушы тасымалдайтын компанияны Иранға қарсы санкцияларының тізіміне енгізді. Осы мәлімет бойынша, Иранға қарсы санкциялар лаңкестікпен күрес сылтауымен салынып, америкалық азаматтар мен компанияларға Иранмен ынтымақтастық жасауға тыйым салады. АҚШ үкіметі өткен айларда Иранға қысымды арттыру ұранымен БҰҰ-ның қарарларына қайшы бірнеше санкция салды. Ирандық жолаушы тасымалдайтын әуе жолдары санкциялардың ең басты мәселелерінің бірі болды.