Ақп 01, 2019 15:52 Asia/Almaty
  • Еуропа қаржы желісінің іске қосылуы – кеш те болса, үміттендіретін қадам

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Иранмен экономикалық ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында Еуропа қаржы механизмінің іске қосылуына еуропалықтардың алғашқы қадамы ретінде қолдау көрсетті.

Аббас Арақчи бейсенбі күні Еуропа қаржы желісінің бөліп-жармай, толық орындалып, барлық тауарларды қамтитынына үміт білдірді.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары: «Еуропаның қаржы желісі Еуроодақтан тыс елдер мен компанияларға да қолжетімді болған жағдайда ғана Иранға пайдалы болады»,-деді.

АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы санкциялардың қайтарылғанынан 9 айға жуық уақыт өткен соң Германия, Ұлыбритания мен Франция ақырында бейсенбі күні АҚШ-тың санкцияларын айналып өтіп, Иранмен доллардан тыс сауда айналымын жеңілдету үшін  Еуропаның қаржы желісін іске қосты.

Еуропаның қаржы желісі INSTEX деп аталады. Бұл механизмді іске қосудағы мақсат – ИИР үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының экономикалық тиімділіктерін сақтауға көмектесу. Төлемдер механизмі қалыптасқанға дейін бұл қаржы желісі алғашқы қадамда азық-түлік пен дәрі-дәрмек сияқты санкцияға түспеген тауарларды қамтиды.

Еуропаның қаржы желісі келесі қадамда санкцияға іліккен тауарларды қамтитын болады. Жалпы бұл механизмнің басты мақсаты – санкцияға іліккен тауарларды қамту. АҚШ 2018 жылдың 8 мамырында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң екі кезеңде әртүрлі салаларда, соның ішінде мұнай мен банкке қатысты Иранға қарсы санкцияларды қайта салды. АҚШ-тың бұл шарасының мақсаты Иранға экономикалық қысым жасап, Иран үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тиімділігін жою болды.

Мұндай жағдайда егер еуропалықтардың келесі қадамында санкцияға іліккен тауарлар INSTEX-ке енгізілмесе және еуропалық компаниялар Иранмен әріптестік жасауға ынталандырылмаса, оның АҚШ санкцияларын айналып өтетініне аса үміттенуге болмайды.

Румынияның астанасы Будапештте бейсенбі күні Германия, Ұлыбритания мен Франция тарапынан Иранмен доллардан тыс сауда жасау үшін «Еуропаның қаржы желісі» деген атпен тұсауы кесілген механизм әлі де бастапқы кезеңде тұр. Және оның белсенділік аясын кеңейту үшін көптеген техникалық жұмыстар атқарылуы тиіс. Осыған орай ИИР СІМ-нің Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік департаментінің басшысы Реза Наджафи: «Еуроодақтың Иранмен қаржы желісін ашу – еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдауға бағытталған алғашқы қадамы. Енді соны орындауы керек»,-деді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының сақталуына берік Еуропаның бұл шарасы оңды қадам деп бағаланып отыр. Бұл салада Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини Еуропа-Иран қаржы желісінің іске қосылуымен бір мезгілде: «Еуроодақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының толық орындалуын қолдайды»,-деді.

Әлемдік дипломатияның жемісі ретіндегі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – Еуропа үшін  абыройлы іс. Еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдаудағы саяси ұстанымдары осы аяда орындалып жатыр. Еуропа қаржы желісінің тиімділігі тек саяси ұстанымдармен шектелмеуі тиіс. Еуропалық және еуропалық емес компаниялар АҚШ-тың жазасынан құтқарылған жағдайда ғана бұл механизм аясында жұмыс істеуге дайын. Бұл еуропалықтардан іс жүзінде тереңірек қадамдар жасауды талап етеді. Олар тіпті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтаудың  құнын төлеуде күмәнданбауы керек.  АҚШ-тың аталмыш қаржы желісіне қарсылығын ескерсек, Вашингтон мен Еуропа арасында осы механизмнің орындалу жолында ауыр түйткілдер болуы әдбен мүмкін.

Тегтер