Вашингтон Варшава отырысында Иранға қарсы сәтсіз талпыныс жасады
(last modified Wed, 13 Feb 2019 12:08:46 GMT )
Ақп 13, 2019 18:08 Asia/Almaty
  • Вашингтон Варшава отырысында Иранға қарсы сәтсіз талпыныс жасады

АҚШ Польшаның астанасы Варшава қаласында бүгін, 13 ақпан күні Таяу Шығысқа қатысты ұстанымы аясында "Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздік" деген екікүндік отырысын бастады.

АҚШ-тың Варшава отырысына ондаған елдің Сыртқы істер министрлерінің қатысуы туралы уәждеріне қайшы үкіметтердің көбі бұл отырысқа қатыспайтындарын жариялады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео отырыстың өтетінін хабарлаған кезде отырыстың мақсатын Иранның аймақтық ықпалымен қарсыласу үшін «Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен азаттықты арттыру» деп жариялап, отырыстың барлық мәселеден көбірек Иран тақырыбына шоғырланатынын айтқан болатын. Америкалықтар бұл отырысқа бірқатар мемлекетті жинап, Иранға қарсы халықаралық коалиция құру туралы ойлады.

Алайда «4+1» тобына мүше елдердің отырысқа оң қабақ танытпауы Вашингтонның өз мақсатына жету жолында көптеген кедергіге тап болғанын көрсетеді. Ресей Таяу Шығыс аймағы үдерістеріне ықпал етуші мемлекет ретінде бұл отырысқа қарсылық білдіріп, оны ядролық тақырыптағы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  келісімін бұзу саласындағы қадам деп санады. Бұл отырысқа еуропалық ірі мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінен төмен лауазымдағы өкілдері қатысады. Бұдан бұрын Еуропа басшыларының кейбіреуі, соның ішінде Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини отырысқа қатыспайтынын хабарлады.

Кейбір еуропалық мемлекеттердің Вашава отырысына министр деңгейінде қатыспауы Брюссель мен Вашингтон арасындағы жіктің тереңдей түскенінің белгісі. Отырыстағы Иранға қарсы  ұстанымдарды сынау АҚШ Мемлекеттік хатшысының отырыс тақырыбын өзгертуіне себеп болды. АҚШ Мемлекеттік департаменті соңғы мәлімдемесінде отырыста "Аймақ дағдарыстары және олардың аймақтағы әскери еместерге тигізетін әсері", "Зымырандық даму мен оларды таратуға тыйым салу", "Киберлік сала қауіпсіздігі мен энергетика саласындағы жаңа қоқан-лоққылар" және "Экстремизммен қарсыласу" секілді бірнеше тақырыптың талқыға салынатынын айтты. Сарапшылардың пікіріне сәйкес, Варшава отырысы қолдауға ие болмағандықтан америкалық басшылар басқа елдердің Сыртқы істер министрлерінің қатыспау ықтималын азайту үшін қарастырылатын тақырыптарды өзгертті.   

Айта кететін жайт, тіпті Варшава отырысына қатысатын мемлекеттердің арасында да көптеген қайшылық байқалуда. Сондықтан отырыста АҚШ-тың Иранға қарсы коалиция құру мақсаты іске асатынына қатысты күмән бар.

Сол себепті Иранға қарсы бүгінгі Варшава отырысына  Ресей, Ливан, Ирак секілді елдер қатысып отырған жоқ. Иранның пікірінше, бұл отырыс Иранның аймақтық саясаты мен ұстанымына әсер етпейді.

 

 

 

Тегтер