Зариф: Иранмен соғысу өзін-өзі өлтірумен тең
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Иранға қарсы әскери әрекет жасауға талпынуды өзін-өзі өлтірумен тең деп атады.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында АҚШ-тың NBC телеарнасына берген сұхбатында: «Ирактың Иранға қарсы соғысына келіскен адамдар әлі де Иранмен соғысуды көздеп отыр. Алайда соңында бұл адамдар Иранмен соғысудың олар үшін өзін-өзі өлтірумен тең екенін түсінеді»,-деді.
Зариф Ирандағы құдірет пен заңдылықтың қайнар көзін халық деп атап: «Трамп үкіметіндегі кейбір адамдар Иранға қарсы соғыс бастауға талпыныс жаса жатыр. Бірақ олар жеңіліс табады»,-деді.
Ол АҚШ үкіметімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы қайта келіссөз өткізу ықтималын теріске шығарып: «Ядролық келісімге келу үшін 13 жыл келіссөз жүргізілді. Халықаралық келісімдерге табансыз Трампқа қалай сенуге болады?»-деді.