АҚШ ДАИШ-ты Ауғанстанға көшіріп, есірткі мөлшерін екі есе арттырады
(last modified Tue, 19 Feb 2019 11:01:16 GMT )
Ақп 19, 2019 17:01 Asia/Almaty
  • АҚШ ДАИШ-ты Ауғанстанға көшіріп, есірткі мөлшерін екі есе арттырады

ИИР Телерадио бірлестігі Шетелдік торабы зерттеу орталығының іске асырған жұмыстарының нәтижелері АҚШ-тың Ауғанстанға шабуыл жасауынан өткен 18 жылдың ішінде бұл елде көкнәр мен есірткі өндірісінің артқанын, Ауғанстандағы ДАИШ әрекеттері артқан жағдайда есірткі өндірісі мөлшерінің де одан сайын артатынын көрсетті.

Жасалған зерттеуде БҰҰ-ның есірткімен күрес орталығының мәліметтеріне сілтеме жасалып: «2001 жылдан, яғни АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери әрекеттері басталғаннан бері бұл елдегі естірткі өндірісінің мөлшер үнемі өсіп, 2016-2017 ж.ж. жоғары деңгейіне жетіп, 2017 жылы 87 пайызға артты»,- деп жазылған. Ауғанстандағы есірткі саудасының дамуынан түскен ақшаның гибридтік соғыстарға жұмсалуы, сондай-ақ, АҚШ қолдайтын Талибан мен басқа лаңкестік топтар және Ауғанстандағы есірткі саудасының дамуы секілді тақырыптар зерттеудің маңызды мәселелері саналады.